Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Мугалжарская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

Құрметті ата-аналар!
📚 Мұғалжар ЖББО мектебі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы №250 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарындағы бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, ата-аналар комитетінің шешімімен мектеп формасын бекітті.

👔 Мектеп формасы:
🔹 Ұл балаларға: қою көк түсті шалбар (ұзындығы тобықты жауып тұруы қажет), кеудеше, ақ жейде (қысқы уақытта – көк түсті пиджак, ілгекті немес ысырмалы ілгекті қалың бомбер киюге рұқсат).
🔹 Қыз балаларға: қою көк түсті тізеден 10 см төмен тұратын сарафан немесе белдемше, ақ блузка, ақ бантик (қысқы уақытта – көк түсті пиджак, ілгекті немесе ысырмалы ілгекті қалың бомбер киюге рұқсат).
🔹 Мектеп формасын алған кезде діни элементтердің болмауын, матасының баланың денесіне жағымды болуын басты назарда ұстау қажет.
🔹Мектепке әшекей бұйымдар (сырға, сақина, білезік, моншақ) тағуға, денені жарақаттау мүмкіндіктері бар үшкір заттарды алып келуге тыйым салынады.

✅ Мектеп формасына қойылатын талаптар – ұқыптылықты, тәртіптілікті және біртұтастықты сақтауға бағытталған.
🎓 Бірлескен шешім – оқушылардың жайлы ортада білім алуына қолайлы жағдай жасайды.

📍 Сіздердің қолдауларыңызға сенеміз!

 

«Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, са­палы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өткен бо­латын.

     – Министрлік оқушылармен, ата-ана­лармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Барлық білім беру ұйымдарында ата- аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады. Олардың ең бірінші басымдығы – бала­ларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту,- деді министр.

© 2025 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Мугалжарская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»