«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Мугалжарская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
*Құрметті ата-аналар!*
Бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл індет тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, күнделікті өмірде де кездесіп жатады. Сондықтан оның алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Баланың алғашқы тәрбиесі – отбасынан басталады. Сіздердің әрбір іс-әрекеттеріңіз, адалдыққа деген көзқарастарыңыз балаңыздың болашақтағы ұстанымына тікелей әсер етеді. Егер бала әділдік пен шыншылдықты үйренсе, ол ешқашан заңсыз жолды таңдамауға тырысады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін:
🔹️балаларыңызға адалдық пен әділдіктің маңызын түсіндіріңіз;
🔹️заңды құрметтеуді үйретіңіз;
🔹️өз әрекеттеріңізбен үлгі болыңыз;
🔹️қоғамдағы теріс әрекеттерге бейжай қарамауға тәрбиелеңіз.
Біз бірге әділ, таза және парасатты қоғам құра аламыз. Әр отбасы – болашақтың негізі. Сондықтан адал ұрпақ тәрбиелеу – ең маңызды міндет.
*Жемқорлықсыз болашақ – біздің қолымызда!*
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті
«Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Мугалжарская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»





