2026 жылдың 27–29 сәуір күндері Ақтөбе облысы, Хлебодаровка әуе аймағында «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өткізілді.
Аталған байқауда Мұғалжар ауданының намысын 15 оқушыдан құралған команда қорғады. Команда жетекшілері – алғашқы әскери дайындық және технология пәні мұғалімдері Сүйіндіков Дәурен мен Алмағанбет Азамат.
Жарыс нәтижесі бойынша Мұғалжар ауданының командасы бірқатар жүлделі орындарға ие болды:
🔹 Пресс жасау сайысынан жалпы командалық есепте 1 минутта 251 рет орындап, 🥈 II орынды иеленді. Құрама команда мүшелері: Жексембай Малика, Удаева Жанель, Арзанбай Тоғжан
🔹 АК-74 автоматын шашып-жинау сайысынан командалық есепте 🥉 III орынға ие болды. Құрама команда құрамында: Удаева Жанель,Қабидулла Мансур.
Жас сарбаздарды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз!




